Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде төраға К. Ташимовтың басшылығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кезекті кеңес өтті. Кеңеске этика жөніндегі уәкіл Г. Молдыбаева, аумақтық инспекциялар мен ведомстволық ұйымдардың басшылары қатысты.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту шаралары, 2025 жылғы сыбайлас жемқорлық фактілерін талдау және қабылданған шаралар талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, Антикоррупциялық қызметтің 1424 колл-орталығы туралы ақпаратты, оның ішінде шекара бекеттерінде орналастыруға ерекше назар аударылды.
Этика жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексінің нормаларын сақтау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, этика жөніндегі уәкілдердің қызметін жетілдіру жөніндегі жоспардың жаңа тармақтары қаралды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді. Оның мақсаты – адалдықты арттыру, цифрландыруды дамыту, заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдарды енгізу және қоғамдық бақылауды күшейту арқылы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.
Комитеттің үш ведомстволық ұйымында комплаенс-қызметтер құрылды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың сақталуына және ықтимал бұзушылықтарға мониторинг жүргізуге жауапты комплаенс-офицерлердің лауазымдары енгізілді.
Комитет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және бұл процеске қоғамның қатысуын арттыру бойынша шаралар қабылдауды жалғастыруда.