Заңсыз ет өңдеу цехы анықталды

Заңсыз ет өңдеу цехы анықталды

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп, Астана қаласында заңсыз жұмыс істейтін ет өңдеу цехын анықтады.

Тексеру барысында цехтың санитарлық талаптарға сай келмейтіні және өнімдердің қажетті құжаттарсыз сақталғаны анықталды. Барлық өнім уақытша сақтау қоймасына жіберілді.

Мұндай жағдайлар адам денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.

Рұқсат құжаттарынсыз қой етін өңдегені үшін «С» ЖК цехы және ветеринарлық құжаттарсыз ұсақ малдың басын сақтағаны үшін «Д» басшылығындағы сою пункті әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тұрғындарға мал шаруашылығы өнімдерін сатып алу кезінде олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарға ерекше назар аудару ұсынылады.