Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының жаңа орынбасары таныстырылды

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының жаңа орынбасары таныстырылды

Бүгін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Вице-министр Аманғали Бердалин ұжымға Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті  төрағасының жаңа орынбасары – Қызайбаев Тасқын Серікұлын таныстырды.

Қызайбаев Тасқын Серікұлы Комитет төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Жаңа лауазымда ол биологиялық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Тасқын Қызайбаев – ветеринариялық бақылау, диагностика және биологиялық қауіпсіздік саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар тәжірибелі маман. Ол 1979 жылы Жетісу облысында дүниеге келген, 2003 жылы Қазақ ұлттық университетін «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша бітірген және мемлекеттік құрылымдарда да, халықаралық ұйымдарда да жұмыс тәжірибесі мол.

2004 жылы Ақмола облысы Егіндікөл ауданындағы ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып қызметін бастады;

2004-2009 жылдары Ақмола облысындағы «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК зертханасының меңгерушісі, дәрігер-серолог болып жұмыс істеді;

2009-2010 жылдары Егіндікөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы;

2010-2013 жылдары Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринария бөлімінің басшысы;

2013-2016 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің биологиялық қауіпсіздік басқармасының басшысы;

2016-2018 жылдары «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК диагностика және азық-түлік қауіпсіздігі басқармасының басшысы;

2018-2020 жылдары «Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық» РМК бас директоры;

2022-2022 жылдары «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ биологиялық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру басқармасының басшысы;

2021-2024 жылдары «Айту-Сауда» ЖШС бас талдаушысы;

2023-2025 жылдары Қазақстандағы ФАО байланыстар және серіктестік бюросының ветеринариялық зертханалық диагностика жөніндегі ұлттық кеңесшісі, маманы.

Ветеринария қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін Қызайбаев Т.С. «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталды.