Ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды

Ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен кеңейтілген алқа отырысында ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жануарлардан алынатын өнімдердің экспорттық әлеуетін арттырудың негізгі мәселелері талқыланды.

«Биыл ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыруға және мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуға бағытталған шаралар кешені іске асырылатын болады. Осы мақсаттарға жетудің маңызды шарты ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Ветеринариялық объектілерді салу жөніндегі индикативтік жоспарлардың орындалуы алаңдатады", - деп атап өтті министр өңірлердің осы бағыттағы жұмысына наразылығын білдіріп.

Вице-министр Аманғали Бердалин мал шаруашылығының дамуы туралы баяндады. Мал шаруашылығының жалпы өнімін өндіру көлемі 3,6% өсіммен 3,3 трлн теңгені құрады. 4,3% өсіммен барлық түрдегі 1,2 млн тонна ет, 4,4% өсіммен 3,6 млн тонна сүт өндірілді. Өндірілетін өнім көлемі ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Мәселен, 22,1 мың тоннадан астам сиыр еті (өсімі 1,5 есе), 17,6 мың тонна қой еті (өсімі - 2,2 есе) экспортталды.

Ветеринариялық қадағалау саласындағы жұмыстың қорытындысы баяндалды. Соңғы үш жылда ауру ошақтарының 49,1%-ға төмендеуі байқалды. Өңірлерде 223 ветеринариялық нысан салынды. Алайда, жеті облыста бірде-бір ветеринарлық пункт салынбаған. 2025 жылы 546 жаңа нысан салу және 20 инсенератор сатып алу жоспарлануда.

2024 жылдың қазан айында "Карантиндеу-Экспорт" жаңа функционалы іске қосылды, ол жануарлардың жай-күйін бақылау процестерін және шекарадағы экспорттық рәсімдерді аяқтауды автоматтандырады. Жануарларды союға бақылауды жақсарту үшін "Ветеринариялық-санитариялық сараптама" цифрлық функционалы енгізілді, ол 2025 жылғы 24 наурызда күшіне енеді.

Жануарлардан алынатын өнімдердің экспорттық әлеуетін арттыру серпіні байқалады. ЕАЭО, ТМД, ЕО, Қытай, Түркия және басқа елдерге экспорттау үшін ветеринариялық талаптар мен сертификаттар келісілді. ЕО-ға бал экспорттауға рұқсат алу маңызды жетістік болды. Қазақстандық өнімдер үшін шектеулерді алып тастау және өткізу нарықтарын кеңейту жұмыстары жалғасуда.

Баяндаманы тыңдап, министр белгіленген шараларды табысты іске асыру сектордың тұрақты өсуін қамтамасыз етуге және қазақстандық өнімнің халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Әкімдіктерге салынып жатқан ветеринариялық инфрақұрылым объектілерін қысқа мерзімде пайдалануға беру тапсырылды.