Астанада мал шаруашылығы және ветеринария бойынша мамандандырылған көрме-конференция өтуде

Астанада мал шаруашылығы және ветеринария бойынша мамандандырылған көрме-конференция өтуде

Бұл күндері Астанада "Jańa Dala / Vet Astana '2023" мамандандырылған көрме-конференциясы өтуде. 15 елден 60-тан астам сарапшы қатысатын іс-шара Қазақстанда мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелеріне, сондай-ақ ветеринария саласында тәжірибе алмасуға және іскерлік байланыстар орнатуға арналған.
Көрме аясында "Қазақстандағы эпизоотиялық жағдайды талдау және болжау" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Талқылау барысында қатысушылар эпизоотиялық жағдайдың нашарлағанын атап өтті.
Дөңгелек үстелге қатысқан ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Қазақстанның ветеринарлық қызметі эпизоотиялық жағдайды жақсарту бойынша күшейтілген шаралар қабылдауы тиіс екенін атап өтті.
"Ағымдағы жылдың 10 айында қабылданған шаралардың арқасында соңғы 3 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ошақтардың 41,8% - ға төмендеу үрдісі байқалғанын атап өткім келеді. Бұдан басқа, ветеринария жүйесін реформалау шеңберінде ИӨС, ЕАСУ, VETMOBILE және TortTulik сияқты жаңа цифрлық өнімдер әзірленіп, іске асырылуда, бұл бастапқы және сенімді деректерді автоматты режимде тікелей ақпараттық жүйелерге жіберуге мүмкіндік береді", - деді Аманғали Бердалин.
Дөңгелек үстелге қатысушылар министрлік өкілдеріне ашықтығы мен ауыл шаруашылығы құрылымдарымен диалогқа дайындығы үшін алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстанда ветеринарияны дамыту мәселелерін, оның ішінде жануарлар ауруларын диагностикалаудың жаңа технологиялары мен әдістерін енгізу перспективаларын талқылады.