«Amanat» партиясының Түркістан қалалық филиалының фракция төрағасы сайланды

«Amanat» партиясының Түркістан қалалық филиалының фракция төрағасы сайланды
Бүгін Түркістан қалалық мәслихатында «Amanat» партиясының фракциясы отырысы болып өтті. Фракция жиналысының күн тәртібінде «Amanat» партиясының фракция төрағасын сайлау мәселесі қаралды.
“Amanat” партиясының Түркістан қалалық филиалының төрағасы Ғаппар Амантайұлы қалалық мәслихаттағы "Аmanat" партиясы фракциясының төрағалығына Құлбатыр Базарбайұлының кандидатурасын ұсынды.
Бұл ұсынысты фракция мүшелері бірауыздан қолдап, Фракцияның төрағасы Мұсабек Құлбатыр Базарбайұлын сайлады. Қалалық мәслихат депутаты Құлбатыр Базарбайұлын жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы толымды әрі бастамашыл істеріне сәттілік тілейміз!