Қазақстан Нидерланды аумағынан ІҚМ әкелуге уақытша тыйым салды

Қазақстан Нидерланды аумағынан ІҚМ әкелуге уақытша тыйым салды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Халықаралық жануарлар денсаулығы ұйымының ақпараты негізінде (WAHIS), 2023 жылғы 9 наурыздан бастап ірі қара малдың губка кеміктәріздес энцефалопатиясы (BSE)  бойынша Қазақстан Республикасының аумағына Нидерланды аумағынан әкелуге келесі тауарларға уақытша шектеу енгізеді:

- тірі ірі қара;

- ірі қара малдың қаны және қан өнімдері;

- сүйектегі сиыр еті;

- сиыр малдардың ішкі өнімдері;

- қорғалған қабықтарды қоспағанда, ірі қара малдан алынған ішек шикізаты;

- механикалық өндеуден өткен сүйектен алынған сиыр еті;

- 30 айдан асқан ірі қара малдан алынған сүйексіз сиыр еті;

- сүт ақуыздарын қоспағанда, құрамында өңделген ірі қара ақуыздары бар өнімді мал азығына және өнімді мал азығына арналған өңделген ірі қара ақуыздары.

Сондай ақ, аталған аумақтан Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тірі ірі қара малдың транзиті.

 

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің сайтында шектеулер туралы ақпаратты сілтеме бойынша көруге болады.