Самат Бексұлтанұлы Төлегенов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Самат Бексултанович Тюлегенов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
2004 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің Ветеринарлық медицина мамандығы бойынша бакалавриатты бітірді. Осы мамандық бойынша 2015 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде магистратураны бітірді.
Еңбек жолын 2004 жылы ҚР АШМ АӨК "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық" ММ-де жоғары деңгейдегі маман болып бастады.
2007-2013 жылдары Астана қаласының "Республикалық ветеринариялық зертхана" РМК-да молекулярлық генетикалық микроорганизмдер зертханасы меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2013 жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласында ҚР АШМ АӨК "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық" ММ-де бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2014 жылдан 2018 жылға дейін Астана қаласында ҚР АШМ АӨК "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық" ММ-де бас директоры болып жұмыс істеді.
2017-2020 жылдары Ветеринариялық медицина мамандығы бойынша С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде докторантурада оқыды.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде әртүрлі лауазымдарда, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және тамақ қауіпсіздігі басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2022 жылғы 17 тамыздан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.