Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының "Ассы" жазғы жайылымында қалыптасқан жағдай бойынша ақпарат

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының "Ассы" жазғы жайылымында қалыптасқан жағдай бойынша ақпарат

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі-КББ) Tengrinews-те жарияланған "Ассы-Түрген обсерваториясының жанында мал қорымы салынды" деген мақалаға келесіні хабарлайды.
Алматы облыстық аумақтық инспекциясының мәліметі бойынша, обсерваторияның су қабылдағышының жанында малдардың өлекселері бар шұңқырларды табу, ауылшаруашылық малдарының өлекселерін анықтау және Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекциясының, Еңбекшіқазақ ауданының ветеринарлық станциясының өкілдерінен иелерін анықтау бойынша комиссия құрылды.
Эпизоотологиялық тексеру нәтижелері бойынша қосымша ақпарат берілетін болады.
Сондай-ақ аумақтық бөлімшенің деректері бойынша "Ассы" жазғы жайылымында Алматы облысының Райымбек, Кеген, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарының ауыл шаруашылығы жануарлары, орта есеппен 40 мың бас ірі қара мал, 130 мың бас ұсақ мал, 15 мың бас жылқы бар.
"Ассы" жазғы жайылымының (жайлауының) аумағында ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келетін 1 (бір) сібір жарасы көміндісі және 1 (бір) үлгілік мал қорымы бар.
Анықтама: ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыстың жоғарыда көрсетілген аудандарының аумағында сібір жарасына қарсы 423 400 бас ІҚМ, 505 750 бас ҰММ, 71 000 бас жылқы, 9 500 шошқа және 360 бас түйе егу жүргізілді. Ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар 2022 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларының 17 түрі бойынша жүргізілетінін атап өту қажет.
Сондай-ақ ЖАО ветеринариялық мамандары тарапынан жануарлардың иелерімен Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы"Заңының нормалары бойынша жеке және заңды тұлғалардың міндеттері туралы тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
"Ассы" жазғы жайылымындағы (жайлау) эпизоотиялық жағдай тұрақты және өңірдің ветеринариялық қызметінің тұрақты бақылауында.