Ақмола облысы Ерейментау ауданы ауылдық округтерінің жергілікті тұрғындарымен үй малының ауру
жағдайы бойынша кездесу өтті
2022 жылғы 13 мамырда Ақмола облысы әкімінің орынбасары Г.Қ. Әбдіқалықовтың төрағалығымен Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылында осы өңірдің проблемалық мәселелері бойынша ауылдық округтердің жергілікті тұрғындарымен кездесу өтті.
Кеңеске ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің өкілдері, Ақмола аумақтық инспекциясының және осы өңірдің ветеринарлық қызметтерінің басшылары және Ақмола облысының жергілікті атқарушы органының басқа да өкілдері қатысты.
Кеңес барысында жергілікті тұрғындардың үй жануарлары аурулары, жануарлар ауруларын емдеу және алдын алу үшін дәрілік препараттар мен вакциналарды қолдану, мал қорымдары, жайылымдар және жер мәселелері бойынша сұрақтары тыңдалды.
Қойылған сұрақтарға кеңес қатысушылары жауап берді. Сонымен қатар, аталған мәселелерді өз құзыреті бойынша шешу жөнінде тиісті тапсырмалар беріліп, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Г.Қ. Әбдіқалықов пен салалық мамандар бақылауға алды.
Жұмыс сапары аясында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің өкілі Ерейментау ауданының ветеринарлық мамандары ауру жануарлардан қайтадан биологиялық материалдарды іріктеп алып, жануарлардың аса қауіпті ауруларын анықтау үшін ветеринария жөніндегі референттік орталыққа жіберілгенін және диагноз қойылған кезде қажетті эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізілетінін атап өтті.
Анықтама:
Ақмола облысының Ерейментау ауданында 5 елді мекенде белгісіз этиологиялы Мал ауруы тіркелді. Ауданда барлығы 2,8 мың бас ІҚМ және 1,8 мың бас ҰММ ауырып қалды.
Қазіргі уақытта мал дәрігерлерімен симптоматикалық емнен кейін ІҚМ 1 597 бас және ҰҚМ 1 270 бас сауықтырылды. 19 бас ірі қара мал қырылды.