Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы үй малы ауруының жағдайы туралы ақпарат 12.05.2022 ж

Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы үй малы ауруының жағдайы туралы ақпарат 12.05.2022 ж

Ақмола облысының Ерейментау ауданында 5 елді мекенде белгісіз этиологиялы мал ауруы тіркелді. Ауданда барлығы 2,5 мың бас ІҚМ және 1,7 мың бас ҰММ ауырып қалды.

Атап айтқанда, ауру Ерейментау қаласында, Ақмырза, Еркіншілік, Веренка және Еңбек ауылдарында және 14 мал жайылым учаскелерінде тіркелген. Оның ішінде, Еркеншілік ауылында 2022 жылдың 10 сәуірінен 11 мамырына дейін 2,3 мың бас ІҚМ және 1,6 мың бас ҰММ ауырып қалды. Қазіргі уақытта мал дәрігерлерімен симптоматикалық емнен кейін ІҚМ 698 бас және ҰҚМ 300 бас сауықтырылды. 19 бас ірі қара мал қырылды. Ерейментау ауданының ветеринариялық мамандары биологиялық материалдарды іріктеп алынып, аусыл, инфекциялық ринотрахеит, блютанг ауруланрына тексеру үшін Ветеринария бойынша референттік орталығына жолданды. Бүгінгі таңда ауру жануарларды зерттеу жұмыстары нәтижелері бойынша аусыл, инфекциялық ринотрахеит және блютанг анықталған жоқ (06.05.2022 ж. №1-S22R-180/B-01-02, №1-S22R-180/B-01-01 сынақ хаттамалары)

Ауру жануарларға ветеринарлық мамандар симптоматикалық ем көрсетуде. Ағымдағы жылдың 7 мамырынан бастап аудан әкімдігі жануарларды симптоматикалық емдеу үшін ветеринариялық препараттарды сатып алуға 5 млн.теңгеге жуық қаражат бөлді.

Сонымен қатар, күнделікті негізде ветеринарлық мамандар тұрғындар арасында жануарлардың ауруларын болдырмау және таратпау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Диагноз қойылған кезде қажетті эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізілетін болады.

Еркеншілік ауылында өлген жануарлары туралы видеоға қатысты, ағымдағы жылдың 30 сәуірінде сенбілік кезінде осы округтің жергілікті атқарушы органы аталған жануарларды көзін жойғанын және қыс мезгілінде иелері тастап кеткен. Өлген жануарлардың құлақ сырғылары бойынша иелері анықталып, тиісті шаралар қолданды.

Эпизоотиялық жағдай аймақтың ветеринарлық қызметінің бақылауында.