Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы үй малы ауруының жағдайы туралы

Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы үй малы ауруының жағдайы туралы

Еркіншілік ауылы аудан орталығы Ерейментау қаласынан 45 км жерде орналасқан. Еркіншілік ауылында 8 394 бас ІҚМ және 11 213 бас ҰМ бар. Оның ішінде 716 бас ІҚМ, 160 бас ҰММ ауырған.

Ерейментау ауданының ветеринариялық мамандары биологиялық материалдарды іріктеп алынып, аусыл, инфекциялық ринотрахеит, блютанг ауруланрына тексеру үшін Ветеринария бойынша референттік орталығына жолданды. Бүгінгі таңда ауру жануарларды зерттеу жұмыстары нәтижелері бойынша аусыл, инфекциялық ринотрахеит және блютанг анықталған жоқ (06.05.2022 ж. №1-S22R-180/B-01-02 сынақ хаттамасы)

Ауру жануарларға ветеринарлық мамандар симптоматикалық ем көрсетуде.

Сонымен қатар, күнделікті негізде ветеринарлық мамандар тұрғындар арасында жануарлардың ауруларын болдырмау және таратпау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Диагноз қойылған кезде қажетті эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізілетін болады.

Эпизоотиялық жағдай аймақтың ветеринарлық қызметінің бақылауында.

Еркеншілік ауылында өлген жануарлармен бейнеге қатысты, ағымдағы жылдың 30 сәуірінде сенбілік кезінде осы округтің жергілікті атқарушы органы аталған жануарларды көзін жойғанын хабарлады. Өлген жануарлардың құлақ сырғылары бойынша иелері анықталып, тиісті шаралар қолданды.