ҚР АШМ-де бизнес өкілдерімен ветеринария жүйесін реформалау бойынша ұсыныстар талқыланды

ҚР АШМ-де бизнес өкілдерімен ветеринария жүйесін реформалау бойынша ұсыныстар талқыланды

2021 жылғы 17 қарашада ҚР АШМ-де "Атамекен"Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы бастаған бизнес өкілдерімен ветеринарлық жүйені реформалау бойынша ұсыныстар талқыланды.

Онлайн форматта өткізілген кеңес барысында кеңестің модераторы - Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Г. Нұртазина өңірлерден келіп түскен ветеринарияны реформалау бойынша өткізілген кеңестер мен ұсыныстар туралы хабардар етті.

Кездесуде ауыл шаруашылығы Министрінің штаттан тыс кеңесшісі Т.М. Нүркиянов ветеринария жүйесін реформалау бойынша ұсыныстар жобасын ұсынды. Жобада бірқатар функцияларды, ветеринария саласындағы мемлекеттік монополияларға қатысты бірқатар функцияларды бәсекелес ортаға беру көзделеді.