Ветеринария жүйесін реформалау жөніндегі ұсыныстардың бірінші жобасы

Ветеринария жүйесін реформалау жөніндегі ұсыныстардың бірінші жобасы

2021 жылғы 29 қазанда ҚР Парламенті Сенатында Министрдің кеңесшілері әзірлеген ветеринария жүйесін реформалау жөніндегі ұсыныстардың алғашқы жобасы таныстырылды.

Ү.ж. 1 қарашада Президент Әкімшілігі, мүдделі мемлекеттік органдар, Министрдің штаттан тыс кеңесшілері, облыстар мен  Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен ветеринария жүйесін реформалау бойынша ұсыныстар талқыланды.

Ү.ж. 5 қарашада ветеринарлық жүйені реформалау бойынша ҚР Парламенті Сенатында ұсынылған ұсыныстар жобасын талқылау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардар мен Министрдің штаттан тыс кеңесшілерінің өкілдерімен қосымша кеңес өткізілді.

Ү.ж. 10 қарашада ҚР АШМ-де ҚР Президенті Әкімшілігі өкілдерінің, Министрдің штаттан тыс кеңесшілерінің және ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті қызметкерлерінің қатысуымен оффлайн форматта кеңес өтті.

Консультативтік-кеңесші орган жер қатынастары саласын реформалау бойынша қажетті өзгерістерді талқылау және қабылдау алаңына айналады. Министр Жер ресурстарын басқару комитетіне осы органды құру үшін қысқа мерзімде барлық қажетті іс-шараларды жүргізуге тиісті тапсырмалар берді.