Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті облыстық аумақтық инспекцияларда бірқатар тағайындаулар жүргізді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті облыстық аумақтық инспекцияларда бірқатар тағайындаулар жүргізді

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекцияларда комитет төрағасының м. а. Б. Абызбаевтың 2021 жылғы 1 қарашадағы бұйрығына сәйкес бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға бірқатар тағайындаулар жүргізді:

- ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болып Тасыбаев Бақе Қайырұлы тағайындалды.

- ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болып Қайыпбай Берікжан Балапанұлы тағайындалды.

- ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары болып Манат Айтқожаұлы Әбдірахманов тағайындалды.