Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы фитосанитариялық және эпизоотиялық жағдайдың ахуалы туралы айтып берді

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы фитосанитариялық және эпизоотиялық жағдайдың ахуалы туралы айтып берді

2021 жылғы 26 қазанда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР-дағы фитосанитариялық және эпизоотиялық ахуалдың жай-күйі туралы» брифинг өтті. Спикер ретінде ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс, сондай-ақ ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Абызбаев баяндама жасады.

Брифинг барысында спикерлер шегіртке және карантиндік зиянкестермен күрес және егістіктерді аса қауіпті зиянды организмдерден қорғау, жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы вакцинациялау бойынша ағымдағы ахуал туралы хабардар етті.

Алмабек Марстың айтуынша, республика аумағында аса қауіпті организмдердің 11 түрі, зиянды организмдердің 5 түрі және карантиндік объектілердің 14 түрі таралған, олардың ішінде шегірткемен күресуге ерекше көңіл бөлінеді.

Шегірткемен күресу үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден 2,4 млрд теңге бөлінді, оларға барлық болжамды алаңға пестицидтер мен химиялық өңдеу бойынша қызметтер сатып алынды.

«Үйірлі шегіртке зиянкестерінің ошақтарын анықтау үшін GPS навигаторларды, GPS трекерлерді, планшеттерді пайдалана отырып және 524 бірлік автокөлік пен 1230 тексерушілер жұмылдырылып, 38,4 млн.га тексеріледі. Үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жүргізуге 148 бірлік арнайы бүріккіш техника тартылды», - деді А.Марс.

 Шегірткелердің көршілес мемлекеттердің аумағынан ҚХР, РФ, ТҚ шекаралас аумақтарына көшуін болдырмау үшін шегірткелер зиянкестерін анықтау үшін бірлескен зерттеулер жүргізілді.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктерін зақымдау, сондай-ақ шегірткелер зиянкестерінің көрші мемлекеттердің шектес аумақтарына көшуі байқалмады.

«Жалпы, уақтылы жүргізілген фитосанитариялық іс-шаралардың арқасында шегірткелердің таралу алаңын 2018 жылғы 1,7 млн гектардан 2021 жылы 640,8 мың гектарға дейін қысқартуға қол жеткізілді», - деді комитет басшысы.

Жалпы 2021 жылы аса қауіпті зиянды организмдердің таралу көлемі 3,2 млн. га алаңда болды, оның ішінде дәнді дақылдар аурулары 1,4 млн. га, астықтың сұр көбелегі 392,0 мың га. 

Пестицидтердің құнын 50%-ға,  2,048 млрд теңге сомасында субсидиялау көзделген, бұл өңделген аумақты - 1,7 млн га субсидиялауға мүмкіндік берді.

Дер кезінде жүргізілген карантиндік іс-шаралар карантиндік объектілермен залалдану алаңын 47% - ға 2018 жылғы 123,6 мың гектардан 2021 жылы 65,2 мың гектарға дейін төмендетуге мүмкіндік бергенін атап өту қажет.

2021 жылдың ағымдағы кезеңінде карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде өсімдіктер карантині саласында 5,0 мың бұзушылық анықталды, нәтижесінде 367,2 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұлдар салынды.

«Жалпы алғанда, аса қауіпті зиянды және карантиндік организмдердің ошақтарын оқшаулау және жою бойынша уақтылы қабылданған шаралар елдің фитосанитариялық жағдайына қолайлы әсер етті және республиканың экспорттық мүмкіндіктерін сақтауға мүмкіндік береді"», - деп қосты Алмабек Марс.

Өз кезегінде Бауыржан Абызбаев Қазақстан Республикасының аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Спикер  атап өткендей, республикамыздың аумағында таралу қаупі жоғары жануарлардың аса қауіпті 68 түрі ауру енгізілген, олардың 45 түрі бойынша Қазақстан эпизоотиялық ахуалға қолайлы, 23 түріне диагностика және вакцинация бойынша арнайы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

 

Бүгінгі күні жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы вакцинациялау бойынша 138,1 млн манипуляция жүргізілді немесе жалпы жоспардың 90% - ы, 52,5 млн диагностикалық зерттеулер немесе жылдық жоспардың 75% - ы орындалды.

Жүргізілген 28 092 577 зерттеу кезінде бруцеллез бойынша жұқтыру пайызы 0,12% - ды құрады.

«2021 жылдың басынан бері республика аумағында 345 қолайсыз пункт тіркелген,оның ішінде 171 қолайсыз пункт жануарлардың жіті инфекциялық аурулары және 174 бруцеллез бойынша.  285 қолайсыз пункт сауықтырылды, 60-ына сауықтыру шаралары жалғасуда», - деді Бауыржан Абызбаев.

Жалпы, Қазақстан Республикасы аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыс Ауыл шаруашылығы министрлігінің ерекше бақылауында.