Абызбаев Бауыржан Ауыл Шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Абызбаев Бауыржан Ауыл Шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы болып Абызбаев Бауыржан Кемербайұлы тағайындалды.

1983 жылы 9 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақ ұлттық аграрлық университетін мал дәрігері (2005) және заңгер (2011) мамандықтары бойынша бітірген.

Алматы қаласында АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясының ветеринариялық инспекция бөлімінің жетекші маманы, бас маманы (2006-2013); Алматы қаласы бойынша АШМ аумақтық инспекциясының Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы (2013-2015) болып жұмыс істеді.

2015 жылдың ақпан айынан бастап-Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары.

2019 жылы АШМ жүйесінде жұмыс істеді.

2019 жылғы маусымнан бастап – АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы.