
📌 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының бұйрығымен Мұхатов Тілек Махсотұлы Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болып тағайындалды.
👤 Тілек Махсотұлы 1979 жылғы 28 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданының Коминтерн ауылында дүниеге келген.
🎓 2001 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін «Малдәрігерлік санитария» мамандығы бойынша, ал 2004 жылы Батыс Қазақстан тілдер және менеджмент институтын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
💼 Еңбек жолын әртүрлі өндірістік салаларда бастап, 2004 жылдан бастап ветеринариялық бақылау және қадағалау жүйесінде қызмет атқарып келеді.
▪️ 2004–2008 жж. – Зеленов аудандық аумақтық басқармасының мемлекеттік ветеринариялық инспекторы;
▪️ 2008–2010 жж. – Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының жетекші маманы;
▪️ 2010–2015 жж. – Ветеринариялық бақылау және қадағалау жүйесінде бас маман, кейін бөлім басшысы;
▪️ 2015–2025 жж. – Теректі аудандық аумақтық инспекциясының басшысы;
▪️ 2025 жылғы мамыр – 2026 жылғы маусым – Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары.
✅ 2026 жылғы 19 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болып тағайындалды.
👏 Тілек Махсотұлын жаңа қызметімен шын жүректен құттықтай отырып, жауапты қызметінде толағай табыс, кәсіби жетістіктер және ел игілігі жолындағы жемісті еңбек тілейміз! 🇰🇿