Қазақстандық сүт кәсіпорындарын Қазақстаннан Қытайға кәсіпорындар тізіліміне енгізу туралы ақпарат

Қазақстандық сүт кәсіпорындарын Қазақстаннан Қытайға кәсіпорындар тізіліміне енгізу туралы ақпарат

Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы интернет ресурсының ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытайдың Бас кеден басқармасы арасындағы белсенді екі жақты ынтымақтастық нәтижесінде тағы 2 қазақстандық сүт өңдеу кәсіпорны өз өнімдерін Қытайға – "Молком - Павлодар" (Павлодар облысы) және "ДЕП" (Қостанай облысы) экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіліміне енгізілді.

Бұған дейін Қазақстандық кәсіпорындар өз өнімдерін Қытайға экспорттау құқығы бар кәсіпорындар тізіліміне енгізілген болатын - "Гормолзавод" ЖШС (Ақмола облысы), "Дәулет-Бекет" ЖШС, Фудмастер ЖШС (Алматы облысы), "Лидер-2010" ЖШС (Қостанай облысы), "Евразия Инвест LTD" ЖШС (Қарағанды облысы), "Golden Camel Group LTD" ЖШС (Түркістан облысы)

Осылайша, бүгінгі таңда сүт және сүт өнімдерін өндіретін 8 қазақстандық кәсіпорын өз өнімдерін Қытай аумағына экспорттай алады.