Комитет Төрағасының Атырау облысына жұмыс сапары өтті ✈️

Комитет Төрағасының Атырау облысына жұмыс сапары өтті ✈️

Комитет Төрағасы Ташимов К. ағымдағы жылдың 27–29 наурыз аралығында Атырау облысына жұмыс сапарымен барды 📅.

📊 Іссапар барысында облыстағы эпизоотиялық жағдайға талдау жүргізіліп, «Құрманғазы» ветеринариялық бақылау бекетінің жұмысы зерделенді. Сонымен қатар, «Асыл Агро» сою пункті, шаруа қожалықтары, мал шаруашылығы нысандары және Құрманғазы мен Исатай аудандарындағы елді мекендерге бару ұйымдастырылды.

❗️Жануарлар денсаулығын бақылау, ветеринариялық пункттердің тиімді жұмысын ұйымдастыру, мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жануарлар мен өнімдердің орын ауыстыруын бақылау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

📌 Жүргізілген іс-шаралар ағымдағы жағдайды бағалауға мүмкіндік беріп, жоспарлы ветеринариялық іс-шараларды орындау бойынша нақты міндеттер айқындалды.