Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Төрағасының Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Төрағасының Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Төрағасы Қ.Қ. Тәшімов облыс аумағында орналасқан ветеринариялық бақылау бекеттеріне барды.

Сапардың мақсаты – ветеринариялық бақылау бекеттерінің қызметін ұйымдастыруды, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы мен ветеринариялық қауіпсіздікке қатысты нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын тексеру, сондай-ақ аса қауіпті жануарлар ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу шараларының тиімділігін бағалау болды.

Инспекциялық іссапар барысында бақылаудағы жүктерді тасымалдау кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру тәртібіне; ветеринариялық ілеспе құжаттарды ресімдеу талаптарының сақталуына; есепке алу және қадағалау ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге; бекеттердің материалдық-техникалық жарақтандырылуы мен кадрлық қамтамасыз етілуіне; биологиялық қауіпсіздік шараларының сақталуына ерекше назар аударылды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ветеринариялық бақылау бекеттері қызметінің тиімділігін арттыру, профилактикалық іс-шараларды күшейту және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, уақытша шектеулер енгізілген өңірлер мен өнім түрлері бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын жүктердің әкелінуі мен транзитіне жол бермеу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті елдің ветеринариялық қауіпсіздігін нығайтуға және Қазақстан Республикасының эпизоотиялық әл-ауқатын қорғауға бағытталған жүйелі жұмысты жалғастырады.