Ұлытау облысы бойынша Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының басшысы тағайындалды

Ұлытау облысы бойынша Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Төрағасының орынбасары Марат Ибраев Комитеттің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясының жаңа басшысын ресми түрде таныстырды.

 Аметов Илхам 1994 жылғы 9 мамырда дүниеге келген. 


2012 жылы Қапланбек гуманитарлық-агроэкономикалық колледжін «Ветеринария-санитария» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2015 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша бітірген.
2018 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдап, екінші жоғары білім алған.
2024–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Бизнес және басқару» магистратура бағдарламасы бойынша білім алған.


Еңбек жолын 2012 жылы ветеринария саласындағы жеке секторда бастаған.

2016–2021 жылдары Комитетте сарапшы және бас сарапшы қызметтерін атқарған.

2021–2022 жылдары Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2022 жылы Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарған.

2022 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі қызметін атқарды.

2026 жылғы 16 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болып тағайындалды.

Аталған тағайындау өңірдегі ветеринариялық бақылау жүйесін одан әрі нығайтуға және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.