ҚР АШМ Вице-министрі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің жаңа төраға орынбасарын ұжымға таныстырды

ҚР АШМ Вице-министрі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің жаңа төраға орынбасарын ұжымға таныстырды

Бүгін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғалий Бердалин Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ұжымына Комитет төрағасының жаңа орынбасары — Марат Казбекұлы Ибраевты таныстырды.

А. Бердалин атап өткендей, еліміздің ветеринариялық қызметі алдында ауқымды әрі стратегиялық маңызды міндеттер тұр. Жаңа мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыру және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, саланың негізгі мақсаты – ірі және ұсақ мал басын көбейту, экспорттық әлеуетті арттыру және кепілдендірілген ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Вице-министр сондай-ақ қойылған мақсаттарға жету ветеринариялық инфрақұрылымды нығайтпай, профилактикалық іс-шараларды жетілдірмей және жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдердің орын ауыстыруын бақылау тиімділігін арттырмай мүмкін еместігін атап өтті.

Марат Казбекұлы Ибраев 1974 жылғы 17 маусымда Ресей Федерациясының Омбы облысында дүниеге келген. 1996 жылы Омбы мемлекеттік аграрлық университетін «ветеринариялық дәрігер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Солтүстік Қазақстан облысында ветеринариялық дәрігер қызметінен бастаған. 25 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар, оның басым бөлігі мемлекеттік ветеринариялық бақылауды ұйымдастыруға арналған. Аудандық деңгейдегі мамандықтан бастап облыстық инспекция басшысына дейінгі қызмет сатыларынан өткен.

2012–2019 жылдары Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2019–2025 жылдары аталған аумақтық инспекцияны басқарып, өңірдегі ветеринариялық қадағалауды күшейтуге, аурулардың алдын алуға және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен ынтымақтастықты арттыруға ерекше назар аударды.

2025 жылғы 5 желтоксанда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.