
Астана қаласындағы Республикалық ветеринариялық зертхананың оқу-әдістемелік орталығында аусыл вирусына қарсы антиденелерді иммуноферменттік талдау (ИФТ) әдісі арқылы анықтауға арналған диагностикалық жиынтықтармен жұмыс істеу бойынша оқыту өткізілді.
Оқыту 2025 жылғы 6-11 қараша аралығында өтті. Курс бағдарламасында аусыл вирусына қарсы антиденелерді анықтауға арналған реагенттер жиынтығымен жұмыс істеудің практикалық аспектілері, талдау жүргізу ерекшеліктері, нәтижелерді интерпретациялау және зерттеу жүргізу кезінде биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері қарастырылды.
Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды химия ғылымдарының магистрлері Давлятшин Тимур және Інкарбеков Дулат жүргізді.
Бұл оқыту серологиялық диагностика саласында зертхана қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруге және біліктілігін арттыруға бағытталған. Алынған білім мен тәжірибе мамандарға аусыл вирусын анықтаудың заманауи әдістерін қолдануға және жүргізілетін зерттеулердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.