Ақмола облысында ветеринариялық қауіпсіздік саласында симуляциялық оқу-жаттығулар өткізілді

Ақмола облысында ветеринариялық қауіпсіздік саласында симуляциялық оқу-жаттығулар өткізілді

Есіл ауданында ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аса қауіпті ауру — аусылдың ошағын оқшаулау және жою бойынша іс-қимылдарды пысықтауға бағытталған симуляциялық оқу-жаттығулар өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық және аудандық аумақтық инспекцияларының өкілдері, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, әкімдік, полиция, ТЖД, республикалық эпизоотиялық отряд пен ветеринариялық зертханалар қатысты. Барлығы 34 маман және 14 техника бірлігі тартылды.

Сценарий бойынша бірнеше ауыл шаруашылығы жануарларынан шартты түрде аусылға тән клиникалық белгілер анықталды. Осыған байланысты жануарларды тасымалдауға шектеу шаралары енгізіліп, диагностикалық зерттеулер, дезинфекциялық жұмыстар және халық арасында түсіндіру шаралары жүргізілді.

Оқу-жаттығулар барысында мемлекеттік органдар мен қызметтердің өзара іс-қимыл алгоритмдері пысықталып, ошақ пайда болған жағдайда персонал мен техникалық құралдардың дайындығы тексерілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша Есіл ауданының ветеринариялық қызметінің аусылдың ықтимал өршуіне жедел ден қою дайындығы жоғары деп бағаланды.

Мұндай симуляциялық оқу-жаттығулар эпизоотиялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және жануарлардың аса қауіпті ауруларының таралу қатеріне уақтылы ден қоюды қамтамасыз етуге ықпал етеді.