Астанада эпидқадағалау деректерін алмасу жөніндегі халықаралық семинар өтуде

Астанада эпидқадағалау деректерін алмасу жөніндегі халықаралық семинар өтуде

2025 жылғы 14–17 қазан аралығында Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) «Үшжақты нұсқаулықтың жұмыс құралы (РИ ЭОИ) негізінде елдер арасындағы эпидқадағалау деректерін алмасу» тақырыбындағы семинары өтуде. Іс-шара ДДҰ-ның бастамасымен, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе және ФАО, Бүкілдүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (WOAH) мен ЮНЕП ұйымдарының қатысуымен ұйымдастырылған.

Семинарға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, сондай-ақ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандары қатысуда.

Семинардың мақсаты – «Бір денсаулық» тұжырымдамасы аясында ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту және зооноздық ауруларды үйлестірілген эпидқадағалау ұлттық жүйесін дамыту.

Семинар қорытындысы бойынша Қазақстанда жұқпалы аурулар бойынша деректер алмасу мен мониторингті жетілдіруге арналған ұсынымдар мен жол картасы әзірленеді.