Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Казбек Ташимовтің төрағалығымен кеңейтілген жұмыс кеңесі өтті.
Іс-шараға Ақтөбе облысының қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының басшылары, Республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың өкілдері, сондай-ақ Республикалық ветеринариялық зертхананың Ақтөбе облыстық филиалының мамандары қатысты.
Кеңес барысында өңірлік деңгейде ветеринариялық қызметті ұйымдастыру және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Әсіресе, алдын алу шараларын жүзеге асыру, эпизоотиялық ахуалды бақылау, вакцинация тиімділігін арттыру және ветеринариялық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелеріне баса назар аударылды.
Сонымен қатар, кәсіби мереке – «10 шілде – Ветеринария қызметкерлері күні» аясында ведомстволық марапаттар салтанатты түрде табысталды.