ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеу бойынша семинар-кеңес өткізілді

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеу бойынша семинар-кеңес өткізілді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдарға тартуға жол бермеудің алдын алуға бағытталған семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шара Комитет қызметкерлерінің құқықтық және идеологиялық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік саясатқа қайшы радикалды көзқарастардың ықпалына қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына уәкілетті мемлекеттік органның өкілі, ҚР Дін істері комитетінің ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру басқармасының басшысы Кенжеханов Е.Б. қатысты.

Кездесу барысында деструктивті діни ағымдардың таралуына байланысты өзекті қауіп-қатерлер мен тәуекелдер айтылып, мемлекеттік қызмет жүйесінің жекелеген өкілдеріне де әсер еткен теріс ықпалдың нақты мысалдары қаралды.

Әсіресе еңбек ұжымдарында жүйелі ақпараттық-түсіндіру және ағартушылық жұмыстарын ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға радикалды идеологияларға тартылудың алғашқы белгілерін анықтау және ұйымдарда қауіпсіз әрі зайырлы орта қалыптастыру бойынша нақты практикалық ұсыныстар берілді.

Аталған семинар-кеңес мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеудің алдын алу бағытында тәжірибе алмасу мен бірлескен тәсілдерді пысықтауға арналған маңызды диалог алаңына айналды.

Сонымен қатар, бұл іс-шара құқықтық тәртіпті нығайтуға, мемлекеттік қызметтің зайырлы сипатын сақтауға және оны радикалды идеологиялардан қорғауға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру тұрғысынан маңызды үлес болып табылады.