Жүректен жүрекке: Успен ауданы «Менің сүйікті кітабым – Абай шығармалары» кітап челленджін қолдады.

Жүректен жүрекке: Успен ауданы «Менің сүйікті кітабым – Абай шығармалары» кітап челленджін қолдады.

Бүгін 21 сәуір күні«Менің сүйікті кітабым – Абай шығармалары»
республикалық челленджін және «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» байланысты іс-шараны Успен ауданы білім беру бөлімі Щербақты ауданынан қабылдап алды.

«Менің сүйікті кітабым – Абай шығармалары» республикалық челленджі ақынның шығармаларын насихаттауға, өз дәуірінде айтып кеткен аталы сөздерінің әлі күнге дейін өз өмірімізге қажеттілігін ұғындыруға, оның адамгершілікке баулыған, тәрбиеге негізделген шығармалары арқылы рухани азық, адамдық сипатта бой түзеуге, білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын, оқу сауаттылығын арттыруға, кітап оқуға құштарлығын арттыруға ықпал етеді.
Успен ауданы эстафетаны Баянауыл білім беру бөліміне тапсырады.