Успен ауданы күні Павлодар технологиялық колледжінде: мамандыққа қадам және салауатты өмір салты

Успен ауданы күні Павлодар технологиялық колледжінде: мамандыққа қадам және салауатты өмір салты

Успен ауданы күніне орай Павлодар технологиялық колледжінде мазмұнды әрі жарқын іс-шара өтті.

Қонақтар бірнеше локация мен байқауларға қатысты:
1. Творог өнімдерін жасау бойынша шеберлік сабағы – қатысушылар сүт өнімдерінің пайдасы мен дайындалу технологиясымен танысты.
2. Junior Skills байқауы (аспаз ісі) – мектеп оқушылары «Трайфл» десертін және жылы салат дайындап, аспаздық қабілеттерін көрсетті.
3. Спорттық жарыстар – волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ және арқан тарту. Бұл белсенділік жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеді.

Іс-шара кәсіптік бағдар беруге, дағдыларды дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған тиімді алаңға айналды.