Білім бөлімінің басшысы ауданның ата-аналар қауымдастығы өкілдерімен кездесу өткізді

Білім бөлімінің басшысы ауданның ата-аналар қауымдастығы өкілдерімен кездесу өткізді

2026 жылғы 20 мамыр күні Успен ауданы білім беру бөлімінің басшысы Е. Инербаев аудан мектептерінің ата-аналар қоғамдастығы өкілдерімен және Қамқоршылық кеңестерінің төрағаларымен кездесу өткізді. Іс-шараға Успен ауданы прокуратурасының көмекшісі А. Ибраев пен аудан полиция бөлімінің отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы инспекторы Е. Жураковская қатысты.

Кездесу барысында 2025–2026 оқу жылының қорытындылары талқыланып, балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және бос уақытын мазмұнды өткізу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, жазғы каникул кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесудің мақсаты – ата-аналар қоғамдастығы, Қамқоршылық кеңестер мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, оқу жылының қорытындыларын саралау, сондай-ақ бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді бірлесіп талқылау болды. Кездесу аясында білім беру бөлімінің басшысы ата-аналарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, қойылған сұрақтарға жауап берді.