
21 мамырда жас жол инспекторлары отрядтарының аудандық слеті өтті
Іс-шара барысында оқушылар жол қозғалысы ережелерін білу деңгейін, командалық жұмыс дағдыларын, жауапкершілігі мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
🥇 І орын — А.Байтұрсынұлы атындағы ЖОББМ
🥈 ІІ орын — Қозыкеткен ЖОББМ
🥈 ІІ орын — М.Жұмабаев атындағы ЖОББМ
🥉 ІІІ орын — Павлов ЖОББМ
🥉 ІІІ орын — М.Әуезов атындағы ЖОББМ
Жеңімпаз команда облыстық кезеңде Успен ауданының намысын қорғайтын болады.
Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге қолдау көрсеткені үшін Успен ауданының полиция бөлімі өкілдеріне алғысымызды білдіреміз.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз! 🚔✨