
Аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, 18 мамыр күні М. Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған аудандық семинар ұйымдастырылды.
«Мектепке дейінгі ұйымдарда құжаттамаларды жүргізу мен ұйымдастыру және педагогтердің тәжірибе алмасуы» тақырыбында өткен іс-шара барысында құжаттаманы сапалы жүргізу, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету және тәжірибе алмасу мәселелері кеңінен талқыланды.
Семинар қатысушылары өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді жұмыс тәсілдерін ұсынды. Іс-шара педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған мазмұнды әрі тәжірибелік маңызы зор кездесу болды.