
2026 жылғы 17 сәуірде өткен 5–6 сынып оқушыларына арналған облыстық математикалық «Алтын сақа» олимпиадасының қорытындысы шығарылды. Білім додасында Успен ауданының оқушылары жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
🥇 І орын – Бараисов Темирлан,
М. Жұмабаев атындағы ЖОББМ-нің 5-сынып оқушысы.
Жетекшісі: Бабурова Айгуль Амангельдиновна.
🥈 ІІ орын – Суббота Елена,
М. Әуезов атындағы ЖОББМ-нің 5-сынып оқушысы.
Жетекшісі: Волочаев Александр Юрьевич.
🥉 ІІІ орын – Темірболат Ахмет,
Қаратай ЖОББМ-нің 6-сынып оқушысы.
Жетекшісі: Бекенова Гульзия Магзумовна.
Жүлдегерлер мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы білім сайыстарында да толағай табыстар тілейміз!