Аудандық білім беру саласындағы басқару шешімдері қабылданды

Аудандық білім беру саласындағы басқару шешімдері қабылданды

2026 жылғы 20 сәуір күні М. Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде білім беру бөлімінің басшысы Е.У. Инербаевтың, бөлім мамандары мен әдіскерлерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барысында білім беру саласының бірқатар маңызды бағыттары қарастырылды. Атап айтқанда, үшінші тоқсан бойынша білім сапасының көрсеткіштері сараланып, төртінші тоқсанға арналған болжам талқыланды. Сонымен қатар, МОДО мен ҰБТ-ға дайындық барысы, педагогтерді аттестаттау жүйесіндегі өзгерістер, кадрлық мәселелер, мемлекеттік қызметтер көрсету (АРМГУ, E-Otinish) және оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру «ЖАЗ – 2026» бағдарламасы аясында сөз қозғалды.

Жиын іскерлік және нәтижелі форматта өтті. Алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.