Республикалық көктемгі чемпионаттың жүлдегері — Қаратай мектебінің оқушысы

Республикалық көктемгі чемпионаттың жүлдегері — Қаратай мектебінің оқушысы

Ағымдағы жылдың 20–27 наурыз аралығында Түркістан қаласында 2013–2014 жылы туған жасөспірімдер арасында волейболдан Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өтті.

Аталған беделді жарыста Қаратай жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Төлеген Нұрдаулет жоғары деңгейде өнер көрсетіп, республикалық додада өз шеберлігін дәлелдеді.

Тартысты өткен чемпионат қорытындысы бойынша Нұрдаулет жүлделі ІІІ орынға ие болды 🥉

Спортшының жаттықтырушысы — Жуспеков А.Б.

Жеңімпазды және жаттықтырушысын шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларың биік, жетістіктерің мол болсын!