
Облыстық «Мағжан оқулары» байқауының қорытындысы бойынша Константинов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Асембек Назерке ІІ орынға ие болды.
Жетекшісі — Бабакулова А.П. Оқушы байқауда жоғары дайындық деңгейін, Мағжан Жұмабаев шығармашылығын терең меңгергенін және көркем оқу шеберлігін көрсетті.
Бұл нәтиже — мақсаттылық пен табанды еңбектің жемісі.
Назерке мен жетекшісін жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!