Жетістікке жеткен шәкірттерімізбен мақтанамыз!

Жетістікке жеткен шәкірттерімізбен мақтанамыз!

2026 жылғы 3 сәуірде өткен Республикалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасында ауданымыздың оқушылары жүлделі III орынға ие болды.

Жеңімпаздар:

🔹 Бейсқан Бинур – М. Мәметова атындағы ЖОББМ, 10-сынып.
Жетекшісі: Еркебулан Дузелхан.

🔹 Таласпаев Алижан – Абай атындағы ЖОББМ, 10-сынып.
Жетекшісі: Зиятай Жайлаубек.

Оқушыларымыздың жоғары нәтиже көрсетуі – олардың табандылығы мен білімге деген ұмтылысының, сондай-ақ ұстаздарының кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі. Жас математиктерімізді шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!