7–11 сынып оқушылары «Жарқын болашақ» олимпиадасында аудан намысын қорғады

7–11 сынып оқушылары «Жарқын болашақ» олимпиадасында аудан намысын қорғады

10 наурыз күні 7–11 сынып оқушылары арасында өткен «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде ауданымыздың оқушылары жоғары нәтижеге қол жеткізді.

🏆 1 орын – Ирсмаматов Жамшид
(Константинов ЖОББМ), «Сөз шеберлері» бағыты бойынша.

🏆 1 орын – Гузий Кристина
(А.Байтұрсынұлы атындағы ЖОББМ), «Бейнелеушілер» бағыты бойынша.

🥉 3 орын – Ибраева Аружан
(Абай атындағы ЖОББМ), «Жас қаламгер» бағыты бойынша.

Жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Болашақта да толағай табыстар тілейміз!