Кәсіптік бағдар беру — Успен ауданы оқушыларының болашағына салынған инвестиция

Кәсіптік бағдар беру — Успен ауданы оқушыларының болашағына салынған инвестиция

2026 жылғы 4 ақпанда «Өңірлік психологиялық көмек көрсету орталығының» үйлестірушісі Доспергенова А.Ж. Успен ауданы білім бөлімінің басшысы Инербаев Есен Өмірбаевичпен кездесу өткізді.

Кездесу Успен ауданы мектептеріндегі кәсіптік бағдар беру жұмысын ақпараттық сүйемелдеу, сондай-ақ болашақ талапкерлердің ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүйелеу мақсатында ұйымдастырылды. Мектептегі кәсіптік бағдар — саналы болашаққа бастар қадам. Мамандық таңдау — әрбір оқушы өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі. Дәл мектеп қабырғасында оқушы өз қызығушылықтарын, қабілеттерін және мықты қырларын танып, болашақ бағытын айқындай бастайды.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында біз оқушыларға:
✨ мамандықтар әлемі мен заманауи кәсіптер туралы кеңінен танысуға;
✨ өз бейімділігі мен дарынын анықтауға;
✨ өзін-өзі айқындау дағдыларын дамытып, таңдау жасауда сенімді болуға;
✨ түрлі мамандық иелерімен жүздесуге мүмкіндік береміз.

Экскурсиялар, кездесулер, тренингтер, тестілеулер және жобалық жұмыстар оқушыларға тек армандап қана қоймай, өз болашағын саналы түрде жоспарлауға көмектеседі.

Біздің мақсатымыз — әр оқушының өз жолын табуына қолдау көрсетіп, арманындағы мамандыққа қарай алғашқы қадамын жасауына жағдай жасау.