
16–17 ақпан күндері Павлодар қаласында мектеп оқушыларының III облыстық кешенді Гимназиадасы аясында қысқы спорттық бағдарлаудан облыстық жарыстар өтті.
Жарысқа облыстың үздік командалары қатысып, екі күн бойы өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Успен ауданының құрама командасы жоғары дайындық пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, жалпыкомандалық есепте І орынды жеңіп алды.
Команда сапында: Бегзак Ислам, Пудич Ксения, Лозовик Артем, Ерсаинова Милана, Хрупало Михаил, Батыртенова Эвелина, Столяров Василий, Калыкова Аяжан.
Жетекшісі — Лозовик Дмитрий Иванович, М. Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Бұл жеңіс – спортшылардың табандылығы мен жаттықтырушының кәсіби еңбегінің нәтижесі. Чемпиондарды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!