
Успен ауданында ата-аналар қауымдастығымен өзара тиімді ынтымақтастық орнату бағытында жүйелі әрі мақсатты жұмыс жүргізілуде. Білім беру ұйымдарында ата-аналармен байланыс нығайып, тәрбие мен оқыту үдерісіне қоғамның белсенді қатысуы қамтамасыз етілуде.
Қамқоршылық кеңестердің қызметі білім беру ұйымдарының ашықтығын арттыруға, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуына жағдай жасауға бағытталған. Кеңес мүшелері мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестікті дамытуға, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге, әлеуметтік маңызы бар бастамаларды жүзеге асыруға белсенді түрде үлес қосып келеді.
Әкелер кеңесінің жұмысы бала тәрбиесінде әкенің рөлін арттыруға, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және жас ұрпаққа үлгі боларлық тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған. Әкелердің қатысуымен өткізілетін кездесулер, пікір алмасулар мен түрлі акциялар балалардың тұлғалық дамуына оң әсерін тигізуде.
Ақсақалдар кеңесі ұлттық тәрбиеге, салт-дәстүрді сақтауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты рухани құндылықтарды насихаттауға ерекше көңіл бөледі. Кеңес мүшелерінің тағылымды әңгімелері мен өнегелі үлгісі жас ұрпақтың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етуде.
Ата-аналар қауымдастығымен бірлескен бұл жұмыстар тәрбие мен білім сапасын арттыруға, сондай-ақ мектеп пен қоғам арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.