
2026 жылғы 2 ақпанда қазақ кәсіби кино өнерінің негізін қалаушы, КСРО Халық әртісі Шәкен Аймановқа арналған облыстық «Ш. Айманов оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру, ұлттық мәдени мұраны насихаттау және жас таланттарды қолдау.
🎨 «Қылқалам және қолөнер шеберлері» бағыты бойынша жеңімпаздар:
🥇 1-орын – Городова Беата, А.Байтұрсынұлы атындағы ЖОББМ, 10-сынып
🥈 2-орын – Гузий Кристина, А.Байтұрсынұлы атындағы ЖОББМ, 10-сынып
🥉 3-орын – Мирзаханова Ясмина, Ковалев НЖББМ, 7-сынып
Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен толағай жеңістер тілейміз!