
Сынып жетекшісі — бұл жай ғана педагог емес, ол оқушылардың тұлға болып қалыптасуына бағыт-бағдар беретін ұйымдастырушы, тәлімгер және қолдаушы.
Успен ауданында сынып жетекшілері оқушылармен жүйелі түрде тәрбие жұмысын жүргізіп, олардың азаматтық жауапкершілігін, рухани-адамгершілік құндылықтарын және белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру жолында аянбай еңбек етуде.
Тәрбие сағаттары, ата-аналармен тығыз байланыс, түрлі іс-шаралар мен жобалар — мұның барлығы оқушының жан-жақты дамуына бағытталған.
Барлық ұстаздарға жауапты еңбектері мен шәкірттеріне көрсеткен қамқорлықтары үшін алғыс білдіреміз!