
Успен ауданының психологтері мен әлеуметтік педагогтері күн сайын балалардың психологиялық саулығын сақтау, ата-аналар мен педагогтерге қолдау көрсету, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған маңызды әрі жауапты жұмыс жүргізуде.
Мамандар жеке және топтық консультациялар өткізеді, профилактикалық және дамытушы сабақтар ұйымдастырады, балалардың мектеп ортасына бейімделуіне, эмоционалдық қиындықтарды еңсеруіне және ұжымда салауатты қарым-қатынас орнатуына көмектеседі. Әсіресе қақтығыс жағдайларының, буллингтің және әлеуметтік дезадаптацияның алдын алуға ерекше назар аударылады.
Психологтер мен әлеуметтік педагогтердің жұмысы педагогтермен, білім беру ұйымдарының әкімшілігімен және ата-аналармен тығыз өзара іс-қимыл негізінде жүзеге асырылады. Бірлескен күш-жігер проблемаларды дер кезінде анықтауға және оларды тиімді шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді.
Олардың кәсібилігі, жауапкершілігі және әрбір баланың әл-ауқатына деген шынайы жанашырлығы Успен ауданының білім беру жүйесін дамытуға қосылған маңызды үлес болып табылады.