
Абай атындағы орта мектепте «Заң және тәртіп» айлығы аясында мектеп парламентінің ұйымдастыруымен жемқорлыққа қарсы бағыттағы іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру, жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері туралы түсінік беру, сондай-ақ заң талаптарын сақтауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту.
Іс-шара барысында мектеп парламентінің мүшелері адал еңбек ету, әділ шешім қабылдау және заң талаптарын сақтау жөніндегі өз ұстанымдарын көрсете отырып, оқушыларды белсенді азаматтық позиция ұстануға шақырды. Мұндай тәрбиелік іс-шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жауапты азамат қалыптастыруға ықпал етеді.