
2025–2026 оқу жылына арналған білім сапасын арттыру білім беру саласындағы басты басым бағыттардың бірі болып айқындалды.
Осы мақсатта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және оқушылардың жан-жақты дамуына ерекше назар аударылуда.
Білім сапасын арттыру заманауи оқыту әдістерін тиімді қолдану, цифрлық білім беру ресурстарын кеңінен енгізу, оқушылардың функционалдық сауаттылығын, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту арқылы жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, педагогтердің біліктілігін арттыру, әдістемелік қолдау көрсету және озық педагогикалық тәжірибелерді тарату жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Успен ауданының білім беру ұйымдары әрбір білім алушыға сапалы білім беруді, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруды өздерінің басты міндеті деп санайды.