Білім сапасын арттыруға арналған ауданаралық семинар өтті

Білім сапасын арттыруға арналған ауданаралық семинар өтті

2026 жылғы 30 қаңтарда аудандық әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес Красиловка жалпы орта білім беретін мектебінің базасында Шарбақты және Успен аудандарының педагогтарының қатысуымен білім алушылардың білім сапасын арттыру мәселелері бойынша ауданаралық семинар өтті.

Іс-шара барысында ашық сабақтар мен мастер-кластар ұйымдастырылып, педагогтер арасында нәтижелі кәсіби тәжірибе алмасу жүзеге асырылды. Сонымен қатар, мұғалімдердің кәсіби дамуы мен қолдауына ерекше көңіл бөлініп, эмоционалды күйзелістің алдын алуға бағытталған психологиялық тренингтер өткізілді.

Семинар кәсіби диалог жүргізу, озық тәжірибелермен бөлісу және аудан педагогтары арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін тиімді алаңға айналды. Барлық қатысушыларға белсенді жұмыстары, ашықтықтары және заманауи білім беруді дамытуға деген қызығушылықтары үшін алғыс білдіреміз.