Мұғалім мәртебесі – қоғам мерейі

Мұғалім мәртебесі – қоғам мерейі

2025 жылғы 2 қазан күні Павлодар қаласында Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Облыс басшылығы мен білім беру саласының үздік өкілдері қатысқан жиында өз еңбегімен ерекшеленген педагогтар марапатталды.

Солардың қатарында — Ардақты Төлеу Рахметқызы, оған облыс әкімі Құрмет белгісін табыстады. Бұл марапат ұстаздың ұзақ жылғы адал еңбегінің, кәсіби шеберлігінің және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесінің айғағы болды.

Салтанат барысында әріптестері мен қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, осындай марапаттар ұстаздарға шабыт пен жаңа жетістіктерге жол ашатынын атап өтті.

Ардақты Төлеу Рахметқызын шын жүректен құттықтаймыз! Денсаулық, шығармашылық табыс және жаңа белестерге жетуді тілейміз!