
2025 жылғы 16 қыркүйекте 8–11 сынып оқушылары арасында Махамбет оқуларының аудандық кезеңі онлайн форматта өтті. Байқауға ауданның жалпы білім беретін мектептерінен 22 оқушы қатысты.
Чтения включали несколько направлений:
Оқулар бірнеше бағытты қамтыды:
«Ұлы арман» – Махамбет шығармалары бойынша иллюстрациялық сурет салу конкурсы (8 қатысушы);
«Ел құтқарар мен едім…» – шығармаларды жатқа және мәнерлеп оқу конкурсы (9 қатысушы);
«Шашақты найза, шалқар күй» – Махамбет күйлерін орындау конкурсы (1 қатысушы);
«Тартынбай сөйлер асылмын…» – жас ақындардың өз туындыларын оқу конкурсы (3 қатысушы);
«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» – «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбында зерттеу жұмыстарын қорғау конкурсы (1 қатысушы).
Аудандық кезеңнің жеңімпаздары:
«Ұлы арман» – І орын: Гузий Кристина (10 сынып, А.Байтұрсынұлы ЖОББМ), Рудник Мария (9 сынып, Ковалев НЖББМ); ІІ орын: Байгереев Руслан (8 сынып, Ш.Айманов атындағы ЖОББМ); ІІІ орын: Ибраева Аружан (9 сынып, Абай атындағы ЖОББМ), Смағұлова Аружан (10 сынып, А.Байтұрсынұлы ЖОББМ).
«Ел құтқарар мен едім…» – І орын: Бурубаева Ясмин (10 сынып, Қозыкеткен ЖОББМ); ІІ орын: Асембек Назерке (9 сынып, Константинов ЖОББМ); ІІІ орын: Исен Айбала (10 сынып, Ш.Айманов атындағы ЖОББМ).
«Шашақты найза, шалқар күй» – ІІ орын: Кәсіпхан Эльдар (8 сынып, Абай атындағы ЖОББМ).
«Тартынбай сөйлер асылмын…» – ІІ орын: Темірбек Іңкәр (8 сынып, Константинов ЖОББМ); ІІІ орын: Нұрсерік Тұнық, Әбдіқадыр Жанбота (9 сынып, Белоусов ЖОББМ).
«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» – І орын: Смағұл Мәдияр (10 сынып, Қаратай ЖОББМ).
Сонымен қатар, 2025 жылғы 24 қыркүйекте «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен республикалық Махамбет оқуларының облыстық кезеңі өтті.
Аудан атынан қатысқандар:
«Ұлы арман» бағыты бойынша – Гузий Кристина (А.Байтұрсынұлы ЖОББМ, жетекшісі Арынова А.М.) және Рудник Мария (Ковалев НЖББМ, жетекшісі Жунусова А.Н.), сертификаттармен марапатталды;
«Ел құтқарар ер едім…» ағыты бойынша – Бурубаева Ясмин (Қозыкеткен ЖОББМ, жетекшісі Крисхан Л.), Құрмет грамотасымен марапатталды.